Төле би ауданының әкімі болып жақында тағайындалған Б.Парманов елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысуда. Ең алдымен ол 19 262 халқы бар Бірінші Мамыр ауылдық округін аралап, ондағы әлеуметтік салалардың тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына назар аударды.
Аудан әкімі сапары барысында мал сою, сүт өнімін қабылдайтын «Фацели» селолық тұтыну кооперативін аралап көріп, ондағы қызметкерлермен тілдесті. Аталған кәсіпорын тәулігіне 3 тонна ет, 1 тонна сүт өндіріп «Фуд –Мастер Шымкент Компаниясына» жөнелтуде.
Жұмыс сапары соңында аудан әкімі ауыл округінің халқымен кездесіп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, ол облыс әкімінің жүктеген міндеттерін орындап, ауыз су мәселесін шешуді, ішкі жолдарды қайта жөндеуден өткізетінін атап өтті.