ОҚО-да «Жасулас» қызанақ жылыжайы 1 га жерден 70-80 тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр

/uploads/thumbnail/20170709053947672_small.jpg

Төле би ауданының әкімі болып жақында тағайындалған Б.Парманов елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысуда. Ең алдымен ол 19 262 халқы бар Бірінші Мамыр ауылдық округін аралап, ондағы әлеуметтік салалардың тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына назар аударды.  

Мұнан соң аудан басшысы  Алғабас, Тағайна елді мекеніндегі білім беру мекемелері мен әкімшілік ғимараттарын аралады. Сонымен қатар, Тағайна ауылындағы қызанақ өсіретін жылыжайдың жұмысымен танысты. Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған ТОО «Жасулас» қызанақ жылыжайы  қазан айында 1 га жерден 70-80 тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр.

Жұмыс сапары соңында аудан әкімі ауыл округінің халқымен кездесіп,  алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, ол  облыс әкімінің жүктеген міндеттерін орындап, ауыз су мәселесін шешуді, ішкі жолдарды қайта жөндеуден өткізетінін атап өтті.

Қатысты Мақалалар