Мәжілістің күн тәртібінде ауданды ауыз сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз ету барысы туралы, аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу, сигментацияланған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары, жер қойнауын пайдалану саласын реттеу жұмыстарының барысы туралы, жалпы білім беретін мектептердің 2015-2016 оқу жылы бойынша білім сапасының қорытындысы және жаңа оқу жылына дайындық барысы, «Қазақстан Республикасы тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі ауданның 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы тиісті бөлім басшылары баяндама жасады.
Талқылауға ұсынылған мәселелер бойынша қорытынды сөз сөйлеген аудан басшысы Б.Көшербай орындалған жұмыстармен қатар, көптеген кемшіліктерге жол беріліп отырғандығына тиісті сала басшылырының назарын аудартып, әрбір белгіленген міндеттерді мерзімінде іске асыру жөнінде қатаң талаптар қойды.