Тұрғындар Шаян елді мекенін көркейту- абаттандыру жұмыстарына байланысты қосымша ұсыныстар айтты

/uploads/thumbnail/20170709054030845_small.jpg

Бүгін аудан әкімі Б.Көшербай  Шаян елді мекенін тұрғындарымен кездесті.  Кездесуге қоғамдық кеңестің мүшелері, ауылдық округтен сайланған маслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл биі, еңбек ардагерлері, орталықтағы 56 көшенің өкілдері, бөлім, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.  Кездесудің мақсаты аудан орталығы  Шаян елді мекенін көркейту- абаттандыру жұмыстарына байланысты  қосымша ұсыныс пікір алмасу болатын. 

Аудан басшысы қазіргі таңдағы аудан орталығындағы  жүргізіліп  жатқан  жұмыстарға тоқталып, алдағы атқарылатын  жұмыстармен таныстырды. Кездесуде 22 азамат өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды.  Жиналған жұрттың басым көпшілігі  орталықта жүретін маршрут автобусы қойылса, бағдаршамдар орнатылса деген өтініштерін айтты.

Аудан әкімі Б.Көшербай азаматтардың ұсыныс пікірлерін тыңдай келе,  бұл мәселелер бойынша жан-жақты  зерделеп шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Қатысты Мақалалар