БӘЙДІБЕКТЕ МАЛ АЗЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАЙЫНДАЛУДА

/uploads/thumbnail/20170709054032376_small.jpg

«Қыстың қамын жаз ойла»  дегендей алдағы қысқа  дайындықтың ең маңыздысы  мал азығын дайындау.  «Жан азығы – мал азығы» деген ұстаныммен оңтүстік өңірінің тұрғындары биыл да шаруаларын уақытымен бастапк кетті. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек би ауданының барлық  округтерінде шөп ору науқаны қызу жүріп жатыр,-деп хабарлайды Qamshy.kz.     

Мәселен Ағыбет шаруалары 30640 тонна, Ақбастау шаруалары 22760 тонна, Алғабас шаруалары 1582 тонна,  Алмалы шаруалары 11337 тонна,  Боралдай шаруалары  23598 тонна,  Борлысай шаруалары  10815 тонна,  Бөген шураулары 26105 тонна,  Жамбыл шураулары 21604 тонна, Көктерек шаруалары 15690 тонна,  Мыңбұлақ шаруалары  9415  тонна сояулы мал азығы дайындалса, аудан бойынша барлығы 193546 тоннаны құрап отыр екен.  Ал пішен дайындау барлық ауыл әкімдіктері блойынша  174261 тонна,  жоңышқа  19285 тонна дайындалған.

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданының ауыл шаруашылығына еңбек сіңіріп жүрген шаруалар биыл мол қнім алды. Нәтижесінде 20 мың тоннға,а жақын жоңышқа алынып, егістік пен мал шаруашылығына айтарлықтай үлес қосты.

Бәйдібек ауданының аталған ауыл округтерінің шаруалары тонналап өнім жинауды жыл басынан мақсат еткен. Себебі оңтүстік өңір малды аймақ болғандықтан, тқөрт түліктің қамын жаздан дайындап, қысқа жеткізеді. Айта кетейік, бұл өңірлерде қыстың күні тқрт түлік көбіне өріске шықпайды, сол себепті шарулар үш ай қыстың қамын жазда қамдап қоюды жылдар бойы дағдыға айналдырған.

Қатысты Мақалалар