БӘЙДІБЕКТЕ АСТЫҚ ОРАҒЫ БАСТАЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170709054033923_small.jpg

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек би ауданы бойынша 310824 гектарға масақты дақыл егілсе, оның ішінде күздік 24047 га күздік, 708 га жаздық бидай, ал 7068 га арпа егілген,-деп хабарлайды Qamshy.kz.     

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек би ауданы бойынша Боралдай, Ақбастау, Бөген, Көктерек, Жамбыл  ауыл округтерінде астық ору науқаны басталды.   Казіргі кезге дейін  3540 гектар бидай орылды. Түсім орта есеппен 20 центнерден. Аталған ауыл округтерінде астық өнімдері қысқа дап-дайын тұр деуге әбден болады. Былғы ауа-райы шаруаларға қарасытп тұрды деген диқандар мол өнім алатынына басында-ақ сенімді болған екен. Осылайша Бәйдібек ауданындағы шаруаларда астық орағы басталып та кетті. Орақ ору науқанында ауылдың жас-кәрісі тегіс астық оруға шығады. Бұл ауыл тұрғындарының асыға күтетін маусымы.

Сонымен Бәйдібек ауданы биылдыққа үздік деп танылып, әдеттегідей күздік және жаздық өнімдерін жинап алды. Айта кетерлігі, қазір шарулара бүгінгі жәге ертеңгі шаруаларына аса жауапкерлішікпен қарауда. Бидай түсімі республикаға жөнелтуге жетерлік деп отыр Оңтүстік диқандары да. Бұл үшін арнайы жұмыс тобы жұмыс істеуде.

Қазір қамбаға  6600 тоннадан астам астық құйылды.
Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек би ауданы бойынша 310824 гектарға масақты дақыл егілсе, оның ішінде күздік 24047 га күздік, 708 га жаздық бидай, ал 7068 га арпа егілген.  Егістіктегі астықды орып, жинап алуға шаруалар бір кісідей атсалысып, асарлатып, ел экономикасына осылайша үлес қосып жүр.

 

Қатысты Мақалалар