Қызылордада алаңға 10 мың адам жиналды

/uploads/thumbnail/20170708152001482_small.jpg

   Ақпан айында «атышулы» мереке қарсаңында, «өзгенің қаңсығын таңсық қылды» деп  жастарды  жазғыруші  едік. Ал,  енді  өзгенің емес,  өзіміздің төл мейрамымыз бар.  Ол күні кеше өткен – Ғашықтар мерекесі.  Халқымыздың  аңызына айналған, жыр-дастандарға арқау болған  ғашықтарды ұлықтайтын мереке. Алғашында  Валентинді алмастыруға ұсынылса да, жастар жағы іліп әкетіп,соңғы жылдары шын ықыласпен тойланатын болды.  Оған  қалалардағы  түрлі  мерекелік  шаралар, жастардың әлеуметтік  желілер арқылы  бір-біріне  жолдаған ыстық лебіздері, шоқ гүлдер мен кездесулер, т.б. қызықты шаралар куә.

     Мәселен, Қызылорда  қаласының  жастары алаңға  жиналып,  мейрамның көрігін  қыздырыпты. Қызылорда облысының Жастар одағы коғамдық бірлестігі ұйымдастырған мерекелік шараға 10 мың адам жиналды. Прозалық көріністер, Республикамызға танымал әншілер, би топтары, жайдарманшылар өнер көрсетті. Қыз Жібек пен Төлеген, Қалқаман - Мамыр секілді  қазақтың ғашықтарының көріністері қойылды. Алаңда жастар флэш-моб ұйымдастырып, би  биледі.

      Журналист  Ботагөз  Жүсіптегі шара  туралы  былай дейді:

  Қызылордалық жастар бұл мерекені кәдімгідей орталық алаңда атап өтті.  Жастар да көп жиналды. Қателеспесем, биыл 4 жыл жиналғалы жатыр. Бұл дегеніміз аты өшкір Валентинді ұмыттырудың ғана амалы емес, қазақылықты дәріптеудің бір көрінісі дер едім.  Жеке өз басыма келер болсам, менің әр күнім шынайы сезімнен құралады. Жүрек бар да, сезім бар. Мейрам әсер етпейді. Бірақ аппақ гүлді сыйға алғанымды жасырып катейін»-, дейді.

Ал,  Жасұлан Алдабергенов есімді  азамат: «Мерекенің ұйымдастырылуы  ұнады. Жігіттердің қыздарға шынайы сезімдерін білдіргені, сахналық көріністер   әсер етті. Әншілер, би, флеш-моб та  жақсы өтті»,- деді.

Қатысты Мақалалар