Шетелден алынған еттің сапасы күмән туғызады

/uploads/thumbnail/20170708152013558_small.jpg

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Светлана Романовская Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

«Менің депутаттық сауалыма Қазақстан мен Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған мәлімет себеп болып отыр.

Олардың деректеріне сәйкес 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап Ресейге Мал дәрігерлігі және фитосанитария саласындағы федералдық бақылау-қадағалау органымен Австралиядан әкелінетін тоңазытылған сиыр етін жеткізуге тыйым салынды. Бұл өнімнің құрамында ірі қара малдың тәбетін күшейтетін және бұлшық еттің тез өсуіне бағытталған, Кеден Одағының нормаларымен тыйым салынған қуатты синтетикалық стероид - өсу гормоны тренболонның табылуына байланысты. Сонымен қатар, Австралия Қазақстан Республикасының ең ірі жеткізушілерінің бірі болып келеді және кейбір мәліметтер бойынша 2013 жылы 3,5 мың. тоннаны құрады.

Жоғарыда айтылғанға орай Сізден келесідей мәліметтерді беруіңізді сұраймын:

1.            Мал сою және ет өнімдерінің сапасын бақылайтын уәкілетті мемлекеттік орган туралы;

2.            Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мал сою және ет өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған уәкілетті органның шаралары туралы;

3.            Импортталатын еттің құрамынан қауіпті және тыйым салынған мал дәрігерлік дәрі-дәрмектің, малдың өсуін тездететін ынталандырушылардың, соның ішінде тренболон гормонының қалдықтарын табуға мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасында тіркеуден өткен және аттестатталған зертханалардың тізімі;

4.            2013 жылы Қазақстан Республикасының аумағына ет әкелімі кезінде (соның ішінде Австралиядан) Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарының бұзылу фактілері және оның одан әрі сатылуын болдырмау мақсатында жасалған іс-әрекеттер туралы.»

Сәуле Досжанова

Қатысты Мақалалар