Қызылордадағы "Бота" қоғамдық қорының қызметкерлеріне Арал тұрғындарына бөлінген 26 миллион теңгені ұрлады деген айып тағылуда, деп хабарлайды Тенгриньюс.
Тергеу барысында "Бота" қоғамдық қорында жұмыс істеген бұрынғы қызметкерлер 2012-2013 жылдары ақшадан тарыққан жергілікті тұрғындардың құжаттарын толтырып, банктік карточкалар арқылы ақша алып отырған. Алаяқтар сол жылдары шамамен 26,76 миллион теңгені жымқырғаны анықталған.
"Бұл жерде тұрғындардың аңқаулығын айта кетуіміз керек. Тұрғындардың кейбірі тіпті өз құжаттарын "Бота" қорының қызметкерлеріне не үшін қажет екенін сұрамастан бере салған. Олар тіпті өз аттарынан әлдебіреулердің ақша алып отырғанын да білмеген", - деп жазылған мақалада.
Естеріңізге сала кетейік, «БОТА» қоры 2008 жылы құрылған. Оның негізгі миссиясы - Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік қорғалуына инвестиция жасау арқылы жақсарту. Қазіргі уақытта Қор 3 бағдарлама аясында жұмыс жасайды.
Ал, талай бүлдіршін көмек күтіп отырған қордың мұндай құйтырқы әрекетке баруы ұят екен.