Ерболат Беделхан арзан бедел жинау үшін әдейі істей ме, әйтеуір кейінгі кездері тілін тия алмай жүр. «91» деген топ құрып, жап-жас жеткіншектердің бетін бояп сахнаға шығарып, жұрттың жүрегін айнытты. Имендіреміз жүргенде, есі дұрыс көрерменді өздерінен жирендіріп алды. Солай болмағы да ләзім. Өйткені, ондай кейіп қазақтың болмысына жат. Бұрынғы бабаларымыз тірі болса, оларды қамшының астына алып, еркек екендерін естеріне салып қояр еді. Ақыры сылқымдарша сыланған екен, бір күні бұттарына «аусыз дамбал» киіп алатын шығар десек. Таяп қапты. Әлгі Ерболат «қызтекелерді» жақтайтынын айтып, азғындыққа жастарды да шақырды. Айтуға ауыз бармайтын бұл не деген сұмдық?
Осы сықылды әртістер аузына не түссе соны «құсып», дым болмағандай ортамызда жүре бере ме, сонда? Еліміздің Мәдениет министрі қайда қарап жүр? Бұл әншілердің бәрі болмаса да, көбі ұлтты бұзатын болды. Қазақ эстрадасында жүргендердің ең жиіркеніштісі Ерболат Беделханның осы сөзі. «Пайдаң да, зияның да тимесін» деген. Неғып Ерболаттың қара басы құрдымға кетпейді? Ұрпақта несі шатағы бар?
Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан екен: «Мұсылман өзін басқа бір қауымға ұқсатса, ақыретте сол қауыммен бірге тұрады» деп. Ақыретте иманды боп оянудан артық қандай бақыт бар, мұсылманға. Ал, әбден азғындап, қыз-текеленіп кеткенде Лұт Пайғамбардың қауымына Алла Тағаламыз жаман ауруға душар қылып, олардың тұрып жатқан шаһары жер астына түсіп, жоқ болып кеткені Құранда баяндалған.
Ол заманды кім көріпті деп сенбес, Ерболат сықылдылар. Алысты айтпай-ақ қояйықшы, іргедегі Ленинабад қаласында сондай азғындықтың салдарынан жойқын жер сілкінісі болып, қаншама адам қырылып қалған еді ғой. Жалпы күнә, оның ішінде зина мен біржынысты азғындық жайлаған елді-мекен, қаланың бәрі жер бетінен жойылып кеткен. Алланың уәдесі бар. Ал, біржыныстылық, яки, «қызтекелік» күнәнің ең сорақысы.
Еркек – еркек, әйел - әйел қалпын сақтау керек. Біржынысты қатынасқа түспек тұрмақ, еркектің жібектен киім киюіне, әйелдердің ерлерше шашын қысқартып, соларға ұқсап жүруіне шариғат тиым салған. Мұсылман Алладан ұрпақты «қыз-теке» болудан аман сақтауын сұрап, әр адам нәпсінің бұзылуынан сақтануы тиіс.
Баяғыда бір адам болыпты, бет-әлпеті, дене-пішіні әйелге ұқсас. Ол ылғи әйелдердің арасында жүреді екен. Бір күні патшаның жүзігі жоғалады. Содан шаһардағы әйел біткенді түгел тексеруді бұйырған екен, патша. Әлгі адам шешінсе, сырының мәлім болып қалатынынан ұялып, өзінің еркек боп жаралғанына қуанып шүкіршілік етіп: «Ия Раббым, осы пәледен аман-есен құтылсам, енді қайтып әйелдердің маңына да жоламаймын» деп тәубесіне түскен екен.
Әй, Ерболат есіңді жи, тіліңді тый! Ағайын, ұрпағыңызды азғындыққа шақыратын «шайтан»-әншілердің өнерінен бас тартқанымыз абзал!
Мөлдір Нұрман