Бүгіннен бастап Мәжіліс комитеттерінде ауыс-түйіс болып, жұмыстарына кіріскен депутаттар заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қолға ала бастады.
Соның ішінде қоғамда өзекті мәселеге айналған экстремизм мен терроризмге қарсы күреске арналған заң жобасын әзірлеуге кірісуде. Осыған байланысты 20-ға жуық заңға өзгерістер мен толықтыруылар енгізу көзделіп отыр. Соның ішінде Қылмыстық кодекс, Қылмыстық процессуалдық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, экстремизм мен терроризммен күрес заңнамасы және тағысын тағы дегендей.
Осы орайда заңдарды қайта қарастырып жатқан депутаттар педофилдерге де қатысты мәселені қарастырса деген бала тәрбиелеп отырған барлық аналардың тілегін қосқымыз келеді.
Педофилия ауруына (психикалық бұзылу, көптеген жыныстық ауытқулардың бірі) шалдықсын-шалдықпасын балаларға «шабуыл» жасайтындар күн сайын артпаса, азаяр түрі жоқ.
Дені сау, аяқ-қолы бүтін, еңгезердей ерлер де көшеде алаңқайда ойнап жүрген ойын балаларына «құмартқанын» қоятын емес.

Оған тіпті мысал келтіріп жатудың да қажеті жоқ. Кешегі Ақтауда зорланып, хал үстінде жатқан алты жасар қыздың тағдыры, Шымкентте 4 жасар қызды зорлаған педофилдің азғындығы, сол сиқяты жер-жерде ұрланып зорланған балалардың тағдырымен ойнаған педофилдерге қатысты қатаң бір жаза қолданылса бұл дерттен де айығармыз.
ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетнің төрайымы Сәуле Айтпаеваның дерегінше, педофилдерді немесе кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған адамдардың деректері базада сақталады.
Айтуынша, педофилдердің Қазақстанда тіркелуі 1991 жылдардан басталған екен. Қазіргі уақытта базада 1 200-ден астам есім бар. Белгісіз, тіркелмеген, анықталмаған педофилдердің саны қанша екені белгісіз.
Әсіресе соңғы уақытта жиілеп кеткен бала ұрлау мен бала зорлау (оның ішінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер де бар) ісі өршіп кеткен. Күнде жоғалған бала... Зорланған бала...
Сол себепті де еліміздің бірқатар аналары бүгін жұмымтарына кірісіп, заңдарды қайта қарастырып жатқан Парламенттегі депуттаттардан педофилдерге қатысты заң шығарып, оларды қатаң жазалауды сұрайды.
Айта кетейік, бұған дейін көпшілік тарапынан педофилдерді «қайта сүндеттеу керек» деген ұсыныстар болған.
«Сәбиқұмарлар» мәселесі біздің елде ғана емес, көршілес Ресей, Украина, Молдава елдерімен қатар АҚШ сияқты алпауыт мемлекеттердің де басы ауыртқан негізі проблемасына айналып отырғаны бар. Бірақ әрқайсысы әрқалай күреседі. Мәселен, Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев педофилдерге химиялық сүндеттеу жазасын ұсынып, тиісті заң жобасын дайындауды айтқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ғаламторда «педофилдерге қандай жаза қолданылуы керек?» деген сауалнама жүрген болатын. Онда сауалнамаға қатысушылардың жартысынан көбі, яғни 52,61 пайызы қылмыскерлерге өлім жазасы қолданылуы тиіс десе, 26,87 пайызы қоғамда кеңінен талқыланған «химиялық әдіспен» жазалауды қолдайтынын айтқан екен.
Айта кетейік, химиялық жолмен жазалау әдісі АҚШ, Канада, Швеция, Польша, Молдава сынды бірқатар мемлекеттерде әлдеқашан қолға алынған.
Индира Қуат