Анкара Сириялық Ракканы ДАИШ террорлық ұйымынан бірге босату операциясы жайлы ұсынысты қабылдауға дайын, -деп мәлімдеді Түркия президенті Тайып Эрдоған.

"ИМ (ДАИШ) басты орталығы – Ракка. ( АҚШ Президент Барак) Обама бізбен бірге Раккаға қатысты шара қолданбақ,- деді. Біз өзіміздің тараптан ешқандай проблема жоқ екенін мәлімдедік. Біз әскерлеріміздің жиналып, бұл мәселені қалай жүзеге асыру керектігін талқылауды ұсындық» — деді Эрдоған G20 саммитінен келе жатқан ұшақта журналистерге. Эрдоған Түркияның « аймақта бар екенін көрсетуі керек екенін» атап, «артқа қадам жасауға» құқықтарының жоқ екенін мәлімдеген.
Түрік көшбасшысы Анкараның Сирия солтүстігінде операция өткізуі үшін Вашингтонмен ешқандай проблемасы жоқ екенін атап өтті. Тамыздың 24 күні түрік әскері «Евфрат қалқаны» операциясын бастады, операция барысында террористерден Джараблус қаласын азат етті. Осының өзінде Анкара сириялық курдтер отрядына қарсы операцияны жалғастырып жатыр.
Ракка 2013 жылдан бері террористердің бақылауында. Содырлар «халифатты» басқару ұйымдарын құрып, қаланы өз «астаналары» етіп жариялап алған. Ракка шабуылын Сирияның Демократиялық күштері жүргізіп отыр, негізін YPG күрт жасағы құрайды. Әуеден халықаралық коалициясы қолдау білдіретін болады.