АҚШ-тың қазргі Президенті Барак Обама Дональд Трампты шатақ мінезді әрі талай дүниеден хабарсыз деген баға берді. Дональд Трамптың ел басшыға лайық қабілетке ие еместігі туралы Обама Лаоста жүргенде айтқан. Бұл туралы BBC хабарлайды.
«Мен бұл кісіні АҚШ Президенті болатындай қасиеттерге ие деп ойламаймын. Оның әрбір мәлімдемесі менің бағамның дұрыс екендігін дәлелдейді» деді Обама.
Президент болу, оның ішінде шет ел басшыларымен кездесу оңай шаруа еместігін айтқан Обама «Сен не айтып тұрғаныңды білуің керек. Алдын ала дайындалып, «үй жұмысын» жасауың керек. Сөйлегенде сенің сөзің жүзеге асатын мұқият ойластырған саясатты танытуы керек» деді Обама.
Естеріңізге салайық, республкиалық партия атынан АҚШ президенттігінен үміткер боп отырған Дональд Трамп сайлауда жеңген жағдайда Ресеймен және оның Президенті Владимир Путинмен өте жақсы қатынас орнататынын мәлімдеген болатын.