Алмазбека Атамбаевтың кіші қызы Алия Шагиева төрт жыл достасқан жігітіне тұрмысқа шықты. Бұл туралы «Комсомольская правда» басылымы жазады.
Өзінің тойы жайында Алия Instagram-дағы парақшасында хабарлаған. Президенттің қызы Константин есімді жігіттің өмірлік жары атанды. Алайда азаматтың жеке өмірі жайында мағлұматтар жоқ.
Алия Шагиеваның мамандығы дизайнер. Бір ай бұрын ол жастарға арналған авторлық киім үлгісін шығара бастады. Ал көктемде Бішкек қаласында Президенттің қызының "Метаморфозы" деп аталатын жеке көрмесі өтті. Көрмеден түскен қаржыны суретші қыз Даун синдромомымен ауыратын балалардың ата-аналары құрған «Сантерра» қорына аударған.
«Әкесінің арқасында жүр» деген сөзге қалып, әкесінің басына дау-дамай шақырмас үшін суретші қыз шығармашылық жұмыстарын анасының фамилиясымен жариялайды екен.
Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев өз отбасы туралы айта бермейді. Жұртқа белгілісі — оның екі әйелінен алты баласы бар. Үш қыз және үш ұл. Екінші әйелі Раиса Атамбаева — дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. Жуырда ғаламтор арқылы Президенттің әндеріне жазылған видеоклип тарады. Президенттің баспасөз қызметі ел басшысының барлығы бес ән жазғанын, және бұның қыркүйек айында аталып өтілетін 60 жылдық мерейтой қарсаңында туыстарына жасаған сыйы екенін мәлімдеді.