Өзбекстан президентінің сайлауы 4 желтоқсанда өтеді

/uploads/thumbnail/20170709064727322_small.jpg

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Өзбекстан Президентін сайлау 4 желтоқсанға белгіленді. Сайлау науқаны 2016 жылғы 9 қыркүйекте басталады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«ӨР Конституциясының 96, 117-баптарына, сондай-ақ «ӨР Президентін сайлау туралы» Заңның 8-бабына, «ӨР Орталық сайлау комиссиясы туралы» заңның 5 және 9-баптарына сәйкес жексенбі,   2016 жылғы 4 желтоқсанды  Президентті сайлау күні деп белгілеу жөнінде шешім қабылданды. Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясы сайлау бойынша науқанды осы жылғы 9 қыркүйектен бастайтыны жайлы хабарлады», - делінген ОСК хабарламасында.

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Өзбекстан Республикасы Президентін сайлауға әзірлік және оны өткізу бойынша негізгі шаралар бағдарламасы бекітілді.

Айта кетейік,Өзбекстанның премьер-министрі Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Ниғматилла Юлдашев  бұл қызметтен өзі бас тартқан болатын.

Қатысты Мақалалар