Cинай түбегіндегі тұрғындар 8 содырдың көзін жойды

/uploads/thumbnail/20170709065442469_small.jpg

Мысырдың Синай түбегіндегі тұрғындар мен «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының» содырлары қақтығысып, 8 содырдың көзі жойылды. Тағы екі бүлікшіні тұрғындар тұтқынға алған, - деп хабарлайды Qamshy.kz  24.kz - ке сілтеме жасап.

Осыған дейін аталған ұйымның содырлары Рафат қаласының тұрғындарын өздеріне салық төлеп тұруға міндеттеген. Екіжақты қақтығысқа себеп болғаны осы талап болса керек. Лаңкестердің езгісіне көнбеген халық бас көтеріп шыққан. Әзірге бейбіт азаматтардың қатарынан қанша адамның қаза тапқаны жөнінде ақпарат жоқ.

 

Қатысты Мақалалар