Карл Фроч: Мендей толағайды Головкиннің жеңуі екіталай

/uploads/thumbnail/20170709065445704_small.jpg

Британдық боксшы орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Карл Фроч өзінің отандасы Келл Брукты жақтап, осылай депті, - де хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

«Егер мен Бруктың орнында болғанда, Головкинді ұрып тастаған болар едім. Себебі денесінде күш-қуаты тасыған мына мен-толағайды оның жеңуі екіталай болар еді. Жалпы Головкин суперорта салмақ деңгейіне жетпей, сол өзінің бұрынғы салмақ деңгейін сақтап қалады», - деді Фроч IFL TV-ге берген сұхбатында.  

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы Головкин 11 қыркүйектің таңында британдық былғары қолғап шебері Келл Брукты мезгілінен бұрын жеңіп, спорттық мансабындағы 36-кездесуді де таза жеңіспен тәмамдады.

Қатысты Мақалалар