Головкинді Ресей азаматы деген ресейлік ақпарат агенттігі Қазақстан жанкүйерлерінен кешірім сұрады

/uploads/thumbnail/20170709065454860_small.jpg

Артынан ресейлік басылым айыбын мойындап, боксшының жанкүйерлерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды  Qamshy.kz BNews.kz-ке сілтеме жасап,

«Орта салмақтағы ресейлік чемпион Геннадий Головкин мен Ұлыбританиялық Келл Брук арасындағы жекпе-жектен кейін ұлыбританиялық боксшыға ота жасау қажет. Бұл туралы 11 қыркүйекте «Р-Спорт» хабарлады», - деп жазыпты ресейлік басылым.

Әлеуметтік желілерде азаматтарымыз осы ақпаратты қызу талқылап, басылымды қатты сынға алуы мұң екен, «Журналистcкая правда»: «жіберген қателігіміз үшін қазақстандық оқырмандарымыздан кешірім сұраймыз. Геннадий Головкин, әрине, Қазақстан боксшысы» - деп кешірім сұрап құтылуды жөн көріпті.

Айта кетейік, мұндай жағдай қазақстандық бокссүйер қауымның ашуына тиген бірінші жағдай емес. Ресейде Головкинді Ресей азаматы деп шатастыратын жағдайлар жиі орын алып тұрады. 2015 жылы "Газета.Ru" сайты Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей жекпе-жегі қарсаңында "Ресейлік нокаутшының 32-ші қадамы" деген тақырыппен мақала жариялаған еді.

Естеріңізге салайық, Головкин – Брук жекпе-жегі сенбіден жексенбіге қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондонда қаласында өтті. Боксшылардың айқасы бесінші раундта аяқталды. Отандасымыздың қарқынына төтеп бере алмаған Брукты командасы шаршы алаңға орамал тастап құтқарып алды.

Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, қазақстандық боксшы жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізеді.

Қатысты Мақалалар