Тараз қаласында екі бала қоқыс контейнерін қоршаған плитаның астында қалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа жасап.
Жамбыл облысы ТЖД басшысы Багдат Даниловтың сөзіне қарағанда, оқиға орнына құтқарушылар келгенде балалар ол жерде болмаған. Балаларды құлаған плитаның астынан жеңіл жәрдем шақырған таяу маңдағы үйлердің тұрғындары шығарып алған. Қазір балалар ауруханада. Олардың бірінің жағдай ауыр.