Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Медеу» мұз айдынының және «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының жөнделу барысымен, сондай-ақ алдағы қысқы Универсиада аясындағы жарысты ұйымдастыру жөнінде жүргізілген жұмыстармен танысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімі Мемлекет басшысына мұз айдыны мен тау шаңғысы курортының кешенді жаңғыртылу үдерісі мен нәтижелері, сондай-ақ олардың болашақта пайдаланылу перспективалары туралы баяндады.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласы мен Алматы облысының туристік кластерін одан әрі дамыту жөнінде мәлімделді.