Біздің билікте қазақ тілін білмейтін депутаттар, шенеуніктер бар десем, шетелдік достарым сенбейді. Мұны менің басшылыққа ренішім деп қабылдайды. Сондайда мен: "Бізде қазақша білмейтін Облыс басшылары да бар". Міне, бізде жағдай осылай, -дейді Қазақстан ұлттық арнасында тұсауы кесілген "Ой-толғау" бағдарламасының алғашқы санына қатысқан саясаттанушы Дос Көшім. Сондай –ақ бұл бағдарламаға қатысқан Бақытбек Смағұл: Біз депутаттар бір жылдары Украинға бардық іссапармен. Келісім құжаттарымызды орыс тілінде оларға бердік. Сөйтсек олар ол құжаттарды қайтарып берді. Сендердің мемлекеттік тілдерің қайда, мынаны қабылдамамймыз деп айтты. Сосын біз ұялмастан ол құжаттарды қайтарып алып келіп, қазақшаға аударып қайта жібердік,- дейді.