Талдықорғанда дене шынықтырумен айналысатын орындардың саны арта түспек. Жансүгіров көшесі бойындағы көгалдағы хоккей стадионы маңы жаттығу алаңына айналады. Облыс әкімі Амандық Баталов қаладағы құрылыс нысандарын аралау кезінде осындай ұсыныс тастады. Сонымен қатар, Еркін ауылындағы жаңа демалыс орнына атау беру көпшілік талқысына салынбақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.
Талдықорған әуежайындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қосымша ғимаратты жөндеудің аздаған шаруалары ғана қалды. Орта есеппен жылына 26 мың жолаушы тасмалданатын нысанның жаңа бет-бейнесі ел көңілінен шығатын болады. Облыс әкімі Амандық Баталов әлі де болса ғимрат айналасын абаттандыруға мән беруді тапсырды. Қоршауларды сырлап, бүлінген жолдарды қалпына келтіруді міндеттеді.
Әуежайдан қалаға бет алған жолаушы мына жол жиегіндегі сыры кеткен қоршауды сынауы мүмкін. Қаланың жарқын келбетіне осындай ұсақ-түйектер кері әсерін тигізеді деді, - әкім. Жол бойындағы ағаш, шөптің әдемі өсуін де қадағалау қажеттілігін жауапты тұлғаларға ескертті. Ал Еркін ауылы маңындағы мына жаңа демалыс орнымен әр талдықорғандық мақтанса болады. Бұрын қараусыз қалып, топырағы тозып, шөп те шықпай тұрған жер қазір көрсе көз тоймас саялы орынға айналды. Мәселен, 7 қарлығашты қолына қондырған қыз-жігіт мүсіні де алаңның ажарын ашып тұр. Ендігі мәселе, демалыс орнына ат қою.
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАРМА- Бұл мүсінде үлкен үйлесімділік жатыр, құстар мен адамзаттың арасындағы махаббат. Мәнін аша түсетін, құлаққа да жағымды ат қойылғаны жөн болар. Мүмкін қаламгерлермен ақылдасып, конкурс жарияласақ.
Жаңа алаңға жаңа есім беру көпшіліктің талқысына салынбақ. Көкейде жүрген, көңілге қонымды атау болса құрметті көрермен сіз де пікір айтыңыз, атсалысыңыз. Болашақта осы демалыс орнынан тынығып қалаға қайтқан бетте мына арада дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады. Ашық жатқан алаңқайға түрлі жаттығу құрылғылары орнатылып, келешекте спорт алаңына айналмақ.
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАРМА- Жан-жағына орындықтар қойып, демалушыларға бар жағдай жасауға тиіспіз. Мұндай жаттығу алаңдары көбейсе тұрғындардың спортқа деген қызығушылықтары арта түседі. Сонымен бірге осы маңда балалар үшін де арнайы алаңқай ашу керек.
Құрылыс алаңының әу бастағы жобасына облыс басшысы бірқатар өзгертулер енгізді. Барлық игі бастамалардың қызығын халық көруі тиіс деді. Әрі Қаратал өзені бойындағы демалыс аллеясын таза ұстау барша қауымның міндеті. Ал көркейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бермек. Амандық Баталов сәулеттік мүсіндер мен ағаш-бұталарын баптап-күту ісінде үнемі мұқияттылық таныту керектігін де атап өтті.