Алматы облысында трансшекаралақ өзендер жайы талқыланды

/uploads/thumbnail/20170709072128789_small.PNG

Транс-шекаралас өзендерді тиімді пайдалану - мемлекеттік маңызға ие. Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтың төрағалығымен өткен жиында -- дәл осы мәселе жан-жақты сараланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.

Кеңесте Балқаш - Алакөл су бассейні инспекциясы,  облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшылары және "Қазгидромет" мекемесі өкілдері қатысты. Алматы облысында Қытай мен Қырғызстанмен шекаралас аймақта жатқан 17 өзен бар. Сондықтан, олардың екі елдің шаруашылықтары үшін дұрыс бөлінуін реттеу - өте маңызды. Бұл істе үлкен жауапкершілік пен ыждағаттылық керек. Бүгінгі таңда судың әр тамшысы құнды, - деді Серікжан Бескемпіров. Басқосуда трансшекаралық өзендерге қатысты жоба-жоспарлар қаралып, тиісті тұлғаларға нақты нұсқау-тапсырмалар берілді. 

Қатысты Мақалалар