Сарқан қаласында Сәдуақас Қожасбайды еске алуға арналған спорттық көпсайыстан турнир өтті. Облыстық деңгейдегі бәсекеге 10 нан астам аудан мен Талдықорған қаласының спортшылары қатысты. Олар волейбол, футбол, күрестен сынға түсіп, үздіктерін анықтады. Сонымен қатар шара аясында 10 және 15 шақырымдық марафон да ұйыдастырылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.
Сәдуақас Қожасбайдың Сарқан жеріндегі спорт саласының дамуына қосқан үлесі зор. 1970 жылдан бері аудандық спорт мектебінде еңбек етіп, балалар мен жасөспірімдерді спорттың түр-түріне баулыды. Жарыстарға баруына қолдау көрсетіп, бағының жануына көмегін тигізді. Еңбегін ауылдастары ұмтыпайды. Ұлдарының демеушілік жасауымен бірнеше жылдан бері еске алуға арналған облыстық турнир өтіп келеді.
ТҰРАТБЕК ШАРАПИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Енді жарыс туралы. Волейболдан бәсеке аудандық спорт мектебінің залында өтті. Берік Доланбаев төрелік жасаған жарыста командалар жеңіс үшін шеберліктерін аямады. Күрестен де бәсеке талас-тартысқа толы болды. Спортшылар өз салмақтары бойынша боз кілемде барын салды. Ал футболдың қызығын көпшілік орталық стадионда тамашалады. Ойында "Жетісу" клубының қосалқы командасы да өнер көрсетті. Жалпы турнирдің әр спортшыға берері көп дейді палуан Дәулет Ниязбеков.
ДӘУЛЕТ НИЯЗБЕКОВ ЕРКІН КҮРЕСТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Турнирға жетісулық желаяқтарда қатысты. Марафон жарысы 10 және 15 шақырымдық боп екіге бөлінді. Ұзақ аралыққа жүгіруден Алакөлдік Алмат Имашовты ешкім басып оза алмады. Жарыста ардагер спортшыларда бақ сынады. Белгілі марафоншы 66 жастағы Биебай Тілемісов жастарға дес бермей 100 ге жуық қатысушылар арасынан 8 боп жүгіріп келді.
БИЕБАЙ ТІЛЕМІСОВ МАРАФОНШЫ
Сонымен спорттық сайыстардың қортындылары мынадай. Теңбіл доптан Сарқандық спорт мектебінің командасы бірінші, волейболдан Қарасу, Еркін күрестен Сарқан ауданының командасы алға шықты. Жақсы өнер көрсетіп, әр сайыста алдыңғы үштіктің қатарынан көрінгендер Шатырбай, Қапал және Лепсі мен Ақсу командалары.