Шекаралық аймақтарды дамыту-- Мемлекет басшысының маңызды тапсырмаларының бірі. Жүктелген міндеттерді орындау мақсатында -- шығыс шекарадағы өңірдің бірі - Нарынқолға бүгінде ерекше назар аударылып келеді. Елдің әл-қуаты да түзеліп қалды. Биыл Бердібек Соқбақбаев атындағы 600 орындық мектеп-- күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ал ауыз су мәселесі биыл түбегейлі шешілмек. Ескірген жол мәселесі де ескерусіз қалған жоқ. Биыл ауыл орталығындағы негізгі көшелерге асфальт төсеу басталып кетті. Тақырыпты өңірдегі тіршілікпен танысып қайтқан тілшіміз әңгімелеп береді, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.
Нарынқолдағы Бердібек Соқбақбаев атындағы 600 орындық орта мктептің көптен бері күйі кетіп тұрған. Биыл күрделі жөндеу жұмыстарына 234 милион теңге қарастырылып, Шілденің ортасында мердігер компания іске кірісті. Бүгінде құрлысқа 90 ға жуық адам тартылса, оның 49ы жұмыспен қамту бағдарламасы аясында орналасқан. Ал тапсырыс алушы серіктестік өкілдері Қыркүйек айының 15 күніне дейін, меуктепті жөндеп бітеміз деп отыр.
АРМАН ТУРІКБАЕВ «АДИЖАН» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
/15 Шілде күні бастадық бір ай 10 күндей болып қалды. 85 пайыз жұмыс аяқталды. Сапа жағанан тенназор, авторискиназорлар, ауыл әкімдері қадағалап жатыр. Бұйырса ұыркүйектің 10 күні мектепті тапсыратын ой бар./
Ал ауылға ауыз су тарту жұмысы 3 жыл бұрын басталған. Осы жылдың еншісінде екі жарым шақырым Су құбыры желісін тартылды, оған 381 милион теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар 3000 ткешеметірлік су қоймасы да қажетті жабдықтармен жарақтадып, желіге жаңа транспорматорлар да қойылған. Бүгінде бұл шаруалар да өз сәтімен соңына жеткен. Сүйтіп Шекара өңірдегі ағайын ауыз суды тасып ішетін қиын күндерді артта қалдырып, бүгінде тіршілік нәрін ас үйінен алып отыр.
ГҮЛСАРА ТҮКБАЕВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
/Бұрын суды балаларға тасытып, алыс жерден тасып, әбігерге түсуші едік қазір, бау-бақша түгіл қазір үйімізде су бар. Су деген жақсы ғой тіршілік көзі мына су түсіріп бергендерге рахмет айтамыз. /
ЖАНАТ ЖАЙЛАУБАЕВ НАРЫНҚОЛ СУ ҚҰБЫРЫ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
/Биылғы жоспарда мына бітпей қалған 2500 метір су желісін тарту. Оны бітірдік. Және мына су қоймасының ішінде асфалт төселді. Ендігі қалғаны ұсақ-түйек. Нарынқол ауылы қазір 95 пайыз сумен қамтамассыз етілді./
Нарынқолда жолдың да жағдайы мәз емес еді. Биыл оны да ретке келтіру басталды.
Нарынқолда жалпы саны 40 тан асатын ұзынды-қысқалы көшелер бар. Бұл жолдар ұзақ жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпегендіктен, асфалттер ойылып, әбден тозған. Биыл облыс әкімдігінің ерекше қолдауымен қомақты қаржы бөлініп, орталықтағы жеті көшеге асфалт төсеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Ауылдағы ең ұзын көше 2,5 шақырымға жуықтайды. Осы ретте жалпы ұзындығы 13 шақырымнан асатын 7 орталық көше орташа жөндеуден өтпек. Биыл бұл игілікті шаруаға облыстан 400 милионға жуық қаржы Бөлінген болатын.
ҚАДЫРЖАН АЛТЫНБЕКОВ ЖОЛ ЖӨНДЕУ МЕКЕМЕСІНІҢ БАС МАМАНЫ
/Құдай қаласа 25 қазанға бәрін табыстап өткізіп беруіміз керек. Біз ауылдағы жеті көшені тегістеуі бар, асфалті бар бәрін ені жеті метір болады. /
АТАБАЙ КІШІКБАЕВ РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ЖОЛАУШЫЛАР ЖӘНЕ КӨЛІК ЖОЛДАРЫ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ
/Биыл негізінде облыстық бюжеттен 393 милион 355 мың теңге бөлінген. Шілде айында тендір жарияланып, осы мекеме 352 милион 500 ға салып жатыр. Үнемделген 35 милион 400 мың теңге қаржыны тағы екі үлкен көшені жөндету үшін облыстан сұрап отырмыз. /
Хантәңір баурайындағы қайнаған тірлікке қарапайым халықта дән риза.
КЕНЕБАЕВА БИХАН ТЫЛ АРДАГЕРІ
/Бізге Бталов жолдас келіп ақша бөліп Нарынқол өңіріне көмектесем деген еді. Ол кісі сөзінде тұрды. Қазір міне Суымыз да көшемізде жасалып атыр. Алғысымыз шексіз. Біз ауылымыздың көркейетініне сенімдіміз./
Нарынқол мен Қайнар ауылы арасындағы 45 шақырымдық республикалық жол бөлігі жуырда ғана орташа жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Жергілікті тұрғындар бүгінде оның игілігін көріп отыр.