Алматы облысында десантшылар су кедергілерінен өтті

/uploads/thumbnail/20170709072327900_small.PNG

Қазақстандық десантшылар техникада су бөгеттерінен өтуге жаттығып жатыр.  Практикалық іс-қимылдар арнайы жабдықталған су қоймаларында ұйымдастырлуда.  Оның тереңдігі 4 жарым метрге жуықтайды. Алматы облысында бұл оқу-жаттығу Алматы, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарына қарасты  5 әскери бөлім арасында жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.

Бұл әскери оқ-жаттығу қазір елдің әр түкпірінде өтіп жатыр. Мақсат - жеке құрамды су кедергілерін бұзып өтуге, қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау бойынша жұмыстар тізбесіне оқытып-үйрету. Әрі қауіпсіздік шараларын  зерделеу. Сынаққа алынған техникалар БТР-80 броньды транспортеры және  көп нысаналы жеңіл брондалған сүйретпе. Жаттығуда осы көліктерді тізгіндеген механик-жүргізушілердің шеберлігі сыналады.  

ЖӘРДЕМ ҚАНГЕЛДИЕВ 18404 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  -Жеке құрамның әр сарбазы медициналық тексеруден өтті. Олар жүзуді білетін, техника тілін жақсы меңгергендер. Жаттығу судың ішінде өткенімен біз құрлықта ерекше көзге түскен жауынгерлерді таңдап отырмыз. Себебі, мықты сарбаз судағы кедергілерден де өз қабілетінің қай деңгейде екендігін көрсете алады. 

Техникалар әбден сынақтан өткізілген. Яғни, су өткізбейді. Ол үшін темір көліктер 2 минут судың ішінде сыналады. Ал ресми жаттығу сабағында олар 3 көрсеткіш бойынша бағаланады. Құрлықпен салыстырғанда, машинаны суда бағындыру қиын. Әскери қызметшіге басқару тетігінің  қалай жұмыс жасайтынын сезіну аса маңызды. 

АСҚАР БАЗЫЛХАНОВ  18/404 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ТЕХНИК МАМАНЫ 

Оқу жаттығуға осы саланың майталман маманы жетекшілік етіп отыр. Отставкадағы генерал-майор  Владимир Назаренко Еуропаның талай өздендерінен техника тілін таба отырып, жүзіп өткен. Енді тәжірибесін жас сарбаздарға үйретіп, бас көз боп жүр. 

ВЛАДИМИР НАЗАРЕНКО   ҚР ҚҰРЫЛЫҚ ӘСКЕРІ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ 

Жаттығу әр түрлі деңгейде өтіп жатыр. бірінші күнен қарағанда жауынгерлердің қабілеті екінші күні ашыла түскен. Кемшіліктерін дәл уақытында естеріне салып жатырмыз. Негізі бұл жаттығу Іле өзенінде өткгі тиіс болатын. Дегенімен дәл қазіргі таңда ағысы қатты болғандықтан сарбаздардың қауіпсіздігі ескеріліп осындай су қоймаларында ұйымдастырылды. 

Жалпы ел бойынша бұл шараға 400-ге жуық әскери қызметші қатысып отыр. Оқу жаттығу сабақтарын өткізу  қыркүйектің 10 на дейін жоспаранған.  

Қатысты Мақалалар