Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Текелі тау-кен өндірісінің кешенінде болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы аталған кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Қазақстан Президентіне инновациялық технологияларды қолдана отырып, қайта балқытылған шойын алу арқылы темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды.