Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласының әуежайы мен аэровокзалында болды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан Президенті әуежай мен әуе вокзалы ғимараттарында жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарымен танысты.
Сондай-ақ, Елбасыға ұшу-қону жолағын жаңарту жұмысы, әуежайды және өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту перспективалары туралы баяндалды.