РФ президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты тек бұқаралық ақпарат құралдарынан алып отырғандарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Риа-Новостиге»сілтеме жасап.
«Мәлімет жоқ. Біз Алмазбек Шаршенұлының тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деген Дмитрий Песков.
Бұған дейін А. Атамбаевтың денсаулық жағдайына байланысты Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының жиынына қатыспайтыны және оның Түркиядағы ауруханалардың біріне жатқызылғаны хабарланған болатын.