Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы атақты боксшы, ел мақтанышы Геннадий Головкиннің туған ағасы Максим Головкинді сотқа берді,- деп хабарлайды Qamshy.kz Тоday.kz –ке сілтеме жасап.
"Сот Қорлан Оралбекова Максим Головкиннің көлік салығы бойынша қарызына қатысты істе үкім шығарды. Соңғы екі жылда ол салық төлемеген. 21 мың 338 теңге 20 тиын көлеміндегі мемлекеттік баж төлету туралы шағым қанағаттандырылды. Қарағандыдағы мекен-жайына шақырту қағазы жіберілсе-дағы, сотқа жауапты — Головкиннің ағасы келмеді", - деп мәлімдеді соттың канцеляриясынан.
Максим Головкинге сот үкімін орындау үшін 1 ай мерзім беріліп отыр. Ал бұл мерзімде ешқандай іс-қимыл жасалмаса, онда сот орындаушылары соттың шешімін мәжбүрлі түрде жүзеге асырады, яғни оның банктегі шотын бұғаттайды