Нұркент қаласы туралы не білеміз? (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709082746927_small.jpg

Бұл орын картада да, құжатта да жоқ болғанымен, қаланың өзі бар. Егер,  Панфилов ауданындағы бұршақ  егістігіне оранып жатқан аймақтағы көзе қолапай көрінетін үйлер маңынан өтіп бара жатсаңыз,  заманауи кейіптегі әдемі үйлер көзіңізге бірден түседі. Бұл Нұркент ауылы.  Дәл осы жерде 2035 жылы жаңа қала болады. Шағын ғана ауыл ауданның басқа  халық тұратын аймақтарынан ерекшеленіп тұрады, -деп хабарлайды Qamshy.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Нұркентте барлық үйлер жаңадан салынған, онда 240 балаға арналған балабақша бар  

Мұнда бәрі жаңа, ұқыпты жасалған. Үш қабатты крем түстес қабырғасы бар үйлер, балаларға арналған ыңғайлы аула, парадты мектеп. Ол ауылдан қабағы қатулы адам кездестірмейсіз. Болашақтың қаласының жолдарында алаңсыз қыдырып жүрген «тұрғындар» қонақжай.    Әні бір бозбала  көгалдарға су құйып жүрсе, әнеу бір жерде аяғы ауыр, жүзі нұрланған жас ана келе жатыр, оның алдында бірін-бірі қуалап ойнап жүрген екі бала.

Идиллиялы картина. Құдды бір альтернативті шынайылыққа түсіп кеткен сияқты боласың, себебі мұнда барлық мүмкін болатын мембағдарламалар және стратегиялар шынайы бола бастады. Нұркенттіктерге тек жалпыға ортақ бақыттың ішінде өмір сүруге тура келеді.

Ауыл атмосферасы сыртынан қарасаңыз "Sims" ойынын еске салады, әсіресе үстінен қарасаңыз. Тура ойындағыдай кез-келген адамның үйіне кіруіңізге болады, жергілікті тұрғындар сізді қуып шықпайды, керісінше олар өз бақыттарымен ортақтасуға дайын.

" Біз мұнда жолдасым екеуміз көшіп келдік, ол ҚТЖ-да жұмыс істейді,- дейді Венера бесіктегі баласын тербетіп отырып. Біз ауылдың негізі  енді ғана қаланып жатқан кезде келдік, 2012 жылы бізге баспана берді.   Мұнда  жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһазбен жабдықталынып тұрды. Тек киім-кешегімізді ғана алдық. Басында бұл жер бос болатын, жасыл желекте болмаған, қазір ағаштар пайда болды. Бұрын біз Достықта тұрдық. Біздің үш баламыз бар, үлкендері жаңа мектепке үйреніп қалды».

  

Нұркенттіктерге үйді жиһазымен берген

Мұндағы тұрғындардың көпшілігі біріне-бірі ұқсайды. Олар шекара қызметшісінің немесе темір жолдағы жұмыскердің отбасылары.   Олардың бәрі де кондиционер мен интерьерлі ұсқа-түйекке дейін қарастырылған өп қабатты үйді алды. Жергілікті тұрғындар олардың ауылының «Қорғас» кеденіне қарай өсетінін және Нұркент қаласы болатынын біледі. Атауынада көңілдері толады.

«Нұркент — бұл "Нұрлы жол" сияқты болар, - дейді жергілікті тұрғын Айнаш.  – Әзірше ауылымыз ешқай жерде тіркелмесе де, атауы жақсы».

 Нұркентте шенеуніктер жоқтың қасы, әкімдік пен басқа да билік құрылымдары Алтынкөлде орналасқан. Әзірше, мұнда биліксіз өмір.  Электр жарығынан басқа, коммуналдық қызметтің бәрін Нұркенттіктерге ҚТЖ төлейді.

" Болашақта әкімдікті Нұркентке ауыстырады, - дейді Алтынкөл станциясының КТҮ бөлімі басшысы Ермек Алсарцев.  -  Ауыл аумағы 35 гектар, 600-ге жуық болады. Тұрғындар саны бүгінгі таңда 10 000. 21 үш қабатты үй, 80 коттедж, 600 орындық мектеп, 240 адамдық балабақша, 100 адамдық амбулатория, 10 адамға арналған монша, 70 адамдық шекарашылар жатақханасы салынған.

КТҮ бөлімінің басшысы болашақта қалада не болатынын айтып берді.

"Мұнда зәулім үйлерді салады, шет елдіктерге арналған қонақ үй,  болашақтың бәрі осында, мұнда екінші Нұркент болады,  ол жерде де үйлер мен мектептер, спортты кешендер,- болады дейді шенеунік. – Жоспар бойынша төрт мыңға жуық жұмыс орны болады: мұнда шекарашылар, «Құрғақ порт» жұмысшылары, ҚТЖ қызметкерлері тұратын болады. Мұнда орталық жылу құбыры, су станциясы бар. Зауыттарда салынады. Мысалы, бұршақты өңдеу зауыты».

  

Нұркент мектебінде cыныбы  жоқ

Мектеп директоры Марат Жұмаханұлы мектепке төрт жыл болса да, ҰБТ көрсеткіші бойынша үздік ондықтар қатарына кіреді.

«Бізде 21 сынып бар, 418 бала оқиды, екі ауысым,- деп атап өтті Марат Жұмаханұлы. – Бізде мұғалімдер штаты жасақталған, қырық педагог жұмыс істейді. Әзірше, тек қазақ тілінде оқиды. Болашақта жиналып жатса, орыс сыныбы да ашылады.   Себебі, мұнда балалары орысша оқыған отбасылар бар, олар қазір қазақ сыныбына бейімделді, «Қазақстан темір жолы» мектепке материалдық базаны қамтамасыз етіп берді. Бізде интерактивті тақта бар, біз балаларды экскурцияға апарамыз».  

Жарнама қағазындағыдай көрінген қаланың жөндейтін тұстары  жетерлік.  Азық-түлік алу үшін тұрғындар Жаркентке барады,  жолға жарты сағаттай уақыт кетеді. Нұркентте шағын дүкен бар, бірақ ол халық сұранысын қамтамасыз ете бермейді.

 Медициналық көмек жағынан да бәрі мінсіз емес.  Кішкентай амбулатория, толықтай жабдықталмаған.

" Бізде әлі гинеколог жоқ, бірақ акушер жұмыс істейді.  Тіс дәрігері де жоқ,- деп ақпараттар берді жергілікті амбулатория басшысы Манат Үсербаев. -  Шұғыл көмекті біз өзіміз көрсетеміз.  Болмай жатса адамдарды аудан орталығына жібереміз, Жаркенттің аудандық емханасына дейін 18 шақырым.   Қала 100 мың адамға дейін кеңейген кезде, маман жағынан ешқандай проблема болмайды деп ойлаймын».

Нұркентте бала көп. 

Марат Үсербаевтың сөзінше, Нұркент тұрғындары өте сирек ауырады

" Негізінен маусымдық суық тиіп аурулар, ЖКА, криминалды оқиғалар бізде болмайды,- дейді амбулатория басшысы.

Жергілікті тұрғындар негізінен мал шаруашылығы және егістікте бұршақ өсірумен айналысады.  Нұркент жайлы Жаркент маңындағы ауылдар көп армандамайды да, жандарында тиі тұрса да, қалаға кіру оңай емес екенін біледі.

 

Нұркентті 2035 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр

«Онда жергілікті тұрғындар құрылыс жұмысында істеу үшін ғана барады,- дейді Пежім ауылының тұрғыны Айгүл.- Баспананы кеден мен «Қазақстан темір жолында» жұмыс істейтіндерге ғана береді. Қала салған кезде үйлер біз үшін қымбат болатын шығар».

 Армандар қаласы «Қорғас. Шығыс қақпасы» бағдарламасы аясында ілгерілеп жатыр, оны «Қазақстан Темір жолы» қаржыландыруда.

National business-тің мәліметінше, ҚТЖ 2015 жылғы таза шығыны 460 миллиард теңгені құраған. Компанияның аудирлінген қаржы мәліметі бойынша, өткен жылғы көмек   760,51 миллиард теңгені құраған, 2014 жылмен салыстырғанда  13,7% аз.

Алматы облысының архитектура басқармасы және қала құрылысы мәліметінше, жүз мың адамға арналған қала 2035 жылы салынып бітеді.   Тұрғын үй құрылысының аумағы бірінші кезекте 1013,95 мың квадрат метрді құрайды. Есеп мерзіміне тұрғын үй құрылысы адам басына 30 квадрат метр.   Соңғы есеп мерзіміне тұрғын үй қоры 3000 мың квадрат метр. 

Қатысты Мақалалар