Егемендігімізді алып, есімізді жинап, еңсемізді көтерген күннен бергі кезеңге қарасақ, ел тарихында елеулі оқиғалар аз болған жоқ. Төбесі көк тіреген көп қабатты зəулім үйлер, оқу ошақтары, өнер ордалары бірінен соң бірі бой көтеріп, еліміз елді мекендерінің ажары еселене түсті. Күні кеше елордада ертеңгі ел болашағына еңбек ететін екі бірдей ғимараттың құрылысы аяқталды. Оның бірі – ауданы 14 мың шаршы метр болатын, 1200 оқушыға лайықталған, 48 оқу кабинеті бар №84 мектеп-лицейі болса, екіншісі – отандық би өнерінің дамуына даңғыл жол ашатын Қазақ ұлттық хореография академиясы. Осынау өнер мен білім ордаларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы барып, ашылу салтанатына қатысты. Елбасы жиналғандарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, тəуелсіздік жылдарында білім беру саласын дамыту жəне қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру үшін мемлекет көп күш-жігер жұмсағанын атап өтті.
– Көптеген жастарымыз шет елдерде білім алуда, бұл жылдарда еліміз бойынша 1700-ден астам мектеп, соның ішінде зияткерлік мектептер ашылды. Биыл 60 жаңа оқу орнын ашу жоспарлануда. Осы қадамдар жас ұрпақтың өсіп-өркендеуі мен еліміздің болашағы үшін жасалып жатыр. Бұл мектеп шейх Халифпен келісім негізінде соның қаражаты есебінен салынды. Сол үшін оған алғыс айтамын,– деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Оқу орнының инфрақұрылымы 30 орындық оқу залы бар кітапхананы, 360 орындық мəжіліс залын, спорт залын, жүгіру жолағын, сондай-ақ футбол, баскетбол, волейболмен айналысуға арналған алаңдарды қамтиды. Содан соң Елбасы Қазақ ұлттық хо реография академиясының ашылу рəсіміне қатысып, қазақстан дықтарды елордада жаңа жоғары оқу орнының бой көтеруімен құттық тады.
– Бүгін біз Астанада жаңа өнер ордасын салтанатты түрде ашып отырмыз. Бұл жерде ұлттық балет пен би шеберлерінің жаңа шоғыры оқып, тəрбиеленеді. Мұнда қазақстандық салт-дəстүр дамып, əлемдік деңгей дегі би өнерін дамытуға жаңаша қадамдар жасалатын болады. Ұлттық хореография академиясы – біздің елімізде ғана емес, бүкіл Ор талық Азия елдеріндегі осы үлгідегі алғашқы жоғары оқу орны. Онда қазақстандықтармен бірге, өзге шет елдердің шығармашыл дарынды жастары оқитын болады. Еліміздегі бұл академия уақыт өте келе бүкіл Еуразиядағы балет пен бише берлерін дайындайтын жетекші орталықтардың бірі болатынына сенемін, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы акаде миядағы оқу ісі би мен балет өнерінің негіздерінен бастап жоғары оқу орнынан кейінгі магистрлер мен докторанттарды дайындауға дейінгі білім беру үрдісінің барлық деңгейін қамтитынын атап өтті.
– Бұл көп деңгейлі кəсіби хореографиялық білім беретін толық циклды академияның маңыздылығы мен бірегейлігін ескере отырып, оған менің Жарлығыммен «Ұлттық жоғары оқу орны» айрықша мəр тебесі берілді. Сіздер осы жаңа өнер ордасында жоғары халықаралық өлшем мен білім берудің отандық қайталанбас стандартын қалыптастыруға тиістісіздер. Сіздер Қазақстанның би мен балет өнерінің жаңа ұлттық брендін орнықтырады деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Əбішұлы.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті оқу орнының бюджеттен тыс қаражат көздеріне салынғанын айтып, сəулетшілер мен құрылысшы ларға атқарған жұмыстары мен шығармашылық еңбектері үшін алғыс білдірді.
Рəсім барысында Нұрсұлтан Назарбаев академия ректоры А.Асылмұратоваға балеринаның ш а ғ ы н м ү с і н і н т а б ы с е т т і .
– Бұл мүсінді түлектер жыл сайын бі рінші сынып оқушыларына табыстайды, ол балет əртістерінің кəсіби дең гейі өсуінің жалғастығы мен акаде мияның дəстүрлер сабақтас тығының символы болады, – деді Елбасы.
Асылмұратова Қазақстан Президентіне білдірген сенімі мен академияға жағдай жасағаны үшін алғыс айтты.
– Біз үшін мұнда біліктілігі жоғары əртістер, педагогтар, өнерта нушылар ғана емес, сондай-ақ еліміздің нағыз патриоттарын, өнерді құрметтейтін мəдениетті азаматтарды тəрбиелеу маңызды. Академия қазіргі мойындалған мектептердің қатарынан өзінің лайықты орнын табады деп үміттенеміз. Біз сол үшін бар күшімізді саламыз, – деді академия ректоры.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев оқытушылар мен студенттерге еңбек пен оқуда жетістікке, жаңа шығармашылық жұмыста табысқа жетуіне тілектестік білдірді. Қазақстан Президенті академияның Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба жəне «Уақыт құты-капсуласына» естелік жазба қалдырды.
Бұдан бөлек, Елбасы балет залын, жатақхананы, асхана мен бірінші сынып оқушыларына арналған оқу сыныптарын аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты рəсімнің қорытындысы бойынша өткен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында барша қазақстандықтарды келе жатқан Білім күнімен құттықтап, оқушыларға, ата-аналар мен мұғалімдерге табыс пен мықты денсаулық тіледі.
Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»