«Maksat MeD» тегін емдейді

/uploads/thumbnail/20170709083002663_small.jpg
       «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес  2017 жылдың қаңтар айынан бастап бұрын ақылы болып келген медициналық мекемелерде тегін медициналық көмек көрсетіледі.Бұл бағдарламаға «MAKSAT Мед» емханасы да енді. Тұрғындарға кепілдік етілген тегін медициналық көмек көрсететін «MAKSAT Мед» емханасына  тіркелген Алматы қаласының тұрғындары, уақытша тіркеуге отырған азаматтар, студенттер мен оралмандар алғашқы медициналық көмек ала алады.

«MAKSAT Мед» поликлиникасының директоры, медицина ғылымдарының магистрі, ересектер және балалар невропатологы, иглотерапевт, жоғары санатты дәрігер Мақсат Әбдіқадырұлымен сұхбат.

-Ассалаумағалейкум, аға. Оқырмандарға ең алдымен медициналық орталық туралы айта отырсаңыз.

-Уағалейкумассалам! «MAKSAT Мед» медициналық орталығы 2011 жылы 1 мамырда Алматы қаласында құрылған болатын. Содан бері халыққа өз қызметін ұсынып келеді. Осы күнге дейін орталыққа 55 мыңнан астам адам келіп, ем алды. Олардың ішінде тек Алматы тұрғындары ғана емес, еліміздің басқа облыстарынан, ТМД елдерінен, Қытайдан арнайы келіп ем қабылдағандар бар. Орталықта жүйке жүйесі, жүрек-қантамыр, асқорыту, зәр шығару жүйелерінің ауруларын, гинекологиялық және ерлер ауруларын,әртүрлі генезді аллергияларды, стоматологиялық, соматикалық және т.б ауруларды емдейміз.

        Емхана сырқат түрін анықтап, ем тағайындауға, аурудың алдын  алу  мақсатында скринингтік тексеруден өтуге, жиі кездесетін инфекциялық сырқат түрлеріне қатысты екпе алуға, инфекция ошақтарында  эпидемияға қарсы  санитарлық шаралар жүргізуге көмек көрсетіп, халыққа гигиеналық   нұсқау бере алады. «MAKSAT Мед» емханасында сырқат түрін заманауи технологиялық құрылғылар көмегімен дәл  анықтауға мүмкіндік бар.

- Ендігі сұрағым жеке меншік медициналық орталығыңыздың мемлекеттік поликлиника болуы туралы айтып берсеңіз?

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 нақты қадам бағдарламасының 81-қадамында: «ЖЕКЕ МЕНШІК МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫ ЕНГІЗУ,  мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту» туралы  атап көрсетілген.

«MAKSAT Мед» медициналық орталығына тіркелу 19.09.2016ж бастап 14.11.2016ж  дейін жүреді. Ал, поликлиника жұмысы 01.01.2017 жылдан басталады.

Осыған сәйкес, халыққа сапалы және уақытылы медициналық көмек көрсету үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде Медициналық санитарлық алғашқы көмек (әрі қарай МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне Қазақстан Республикасының азаматтары және  оралмандар  өз еркімен тіркеліп жатыр.

        Біздің емханамыз жүйке , жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларын, қант диабеті, тыныс жолдарының ауруларын,асқазан-ішек жолдарының ауруларын,әйелдер мен ерлер ауруларын, буын, зәр шығару жүйесінің ауруларын, қалқанша без ауруларын, гайморитті, хирургиялық ауруларды, балалар ауруларын, балалардың  сирек кездесетін жүйке ауруларын емдеу барысында үлкен жетістіктерге жетіп келеді.  «MAKSAT Мед» - сіз үшін сапалы, әрі тиімді көмек! 

 2017 жылы Алматы қаласы бойынша МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының азаматтарына және  оралмандарға медициналық қызмет көрсететін жабдықтаушылар тізімінде «MAKSAT Мед» медициналық орталығы да бар.

-Түсінікті. Ал, бұл поликлиникаға халық қалай тіркеле алады? Ол үшін не қажет?

МСАК ұйымдарына тіркелу азаматтардың тұрақты немесе уақытша тұратын мекенжайы, жұмыс істейтін мекемесі, оқу орны бойынша жүзеге асырылады. Азамат МСАК ұйымының біреуіне ғана бекітіледі.

-Тіркелу үшін қажет құжаттар туралы да айта өтсеңіз?

МСАК ұйымына бекіту еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, ықтиярхат немесе оралман куәлігі) негізінде жүзеге асырылады.

-Поликлиникада халыққа қандай қызмет түрлері көрсетілетін болады?

Медициналық санитарлық алғашқы көмек төмендегі қызметтерді  қамтиды:

-диагностикалау мен емдеу, тегін медициналық көмекке кепілдік берілген көлем шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету; 

-профилактикалық іс-шараларды, ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізу, негізгі инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасау;

-  халықтың гигиеналық сауаттылығын арттыру, инфекциялық аурулар ошақтарындағы эпидемияға қарсы (профилактикалық) санитарлық іс-шаралар жүргізу.

-Көрсетілетін қызмет түрлерінің ақысы қандай болмақ?

Кепілдік берілген көлемдегі тегін медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға  бюджеттік қаржы есебінен беріледі және профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерден тұрады.

-Поликлиниканың мекен жайын айта кетсеңіз?

Біздің мекен жайымыз: Алматы қаласы, Ақбұлақ  ықшам ауданы, Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысы. Тел: 225 70 07, 8 707 666 00 28,  8 777 666 00 18.  Электронды почта dr_maksat@mail.ru

Толық мәліметті maksat.kz. сайтынан білуге болады.

 

-Сұхбатыңызға рахмет!

Қатысты Мақалалар