Ұзынағашта жоғалған үш азаматтың мәйітін қылмыскерлер құмға көміп кеткен

/uploads/thumbnail/20170709084223596_small.jpg

Алматы облысы Жамбыл ауданында жоғалған  Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Қадылбек Әлімханның мәйітін қылмыскерлер Ұзынағаш ауылынан 200 шақырым жерге апарып, құмға көміп кеткен, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы бүгін Жамбыл аудандық ІІБ алдында жиналған жұртқа марқұмдардың туыстары хабарлаған.

«Бүгін таңертең бірнеше жүз адам аудандық полиция бөліміне жиналдық, содан түске қарай полиция басшылары олардың сүйектерін осыдан 200 шақырымдай жерден тапқандарын естіртті», - дейді жоғалған кісілердің туысы Тұрсын Әмірбайұлы.

Марқұмдардың әрқайсысының артында екіден, үштен жас балалары, қарт ата-аналары қалған.

Бұған дейін аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі адамның ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы прокурорының орынбасары Саят Бакиров Жамбыл ауданына арнайы келіп, тергеу шараларын бақылауға алған.

Ерлан Төлеубай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар