Мәскеудегі фотосуреттер орталығында 8 қыркүйекте ашылған «Без смущения» деп аталатын жалаңаш қыздар бейнеленген көрмеге жұртшылық наразылық танытуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Тыржалаңаш балғын қыздарды суретке түсірумен айналысатын Джок Стёрджестің фотолары қойылған көрмеге ресейліктер ғаламтор арқылы наразылық білдіруде.
«Бұл негізінен бой жете бастаған жас қыздарды түсіреді. Мен осындай семіз, кәрі азғынның суреттері неге Мәскеуге әкелініп, көрмеге қойылғанын түсінбеймін. Мәскеу билігі қайда қарап отыр?» дейді, блогер Лена Миро.
Көрмеге 40 фотосурт қойылған. Суреттердің авторы Джок Стёрджеске кезінде фотолары үшін педофил деп айып тағылған. Ол 1990 жылдары АҚШ-тың құқық қорғау органдары, дін өкілдері, консервативтік топтардың жауы ретінде белгілі. Оның студиясында тінту де жүргізілген. Ол кезде суретшінің туындарын қоғам белсенділері өртеп жойған. Бірақ кейін суретшіге тағылған айып алынып тасталған.
Джок Стёрджес жалаңаш қыздардың суреттерінен құралған оннан астам монография шығарған. Фотосуреттері әлемнің ірі қалаларындағы мұражайларға қойылған суретшінің Мәскеуде көрме өткізуіне байланысты Конституциялық заңдылық және мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитет басшысының орынбасары Елена Мизулина наразылық білдірді. Ол бас прокурор Юрию Чайкаға аталмиыш оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп, заңдылық бұзылған жағдайда көрмені жабу туралы өтініш айтты. Ал Роскомнадзор мамандары Джок Стёрджестің суреттерін балалар порнографиясы деп атады.
Әзірлеген Дана Қамшыбек