Дональд Трамптың кеңесшісі Пейдж Мәскеуге іс сапары кезінде американ дипломаттарының күдігін туғызған. Осымен байланысты АҚШ арнайы қызметінің мамандары Картер Пейдж Ресейге қарсы санкцияларды алып тастау жөнінде Кремльмен ақылдаспады ма деп күдіктенуде, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Трамптың кеңесшісінің әрекетін Конгресс мүшелері брифингтердің бірінде талқылағанға ұқсайды. Ал Мәскеуге келген сапарында Пейдж АҚШ саясатын сынап, Путинді мақтаған. 2015 жылдың наурыз айында Bloomberg News басылымына берге сұхбатында ол ресейлік "Газпром"-ның кеңесшісі және инвесторы болғанын айтқан.
Пейж Ресейдегі кездесулерінде АҚШ Президенті әкімшілігінің Ресейге қарсы енгізген санкцияларын сынаған. Биыл жазда ол Республикалық партия съезіне бір апта қалғанда Мәскеуге тағы келіп, Америка саясатына қарсы пікірлер айтқан деседі.
Америка барлау қызметінің өкілдерінің пікірінше, ол осы сапарында "Роснефть" басшысы әрі Путиннің жақтасы Игорь Сечинмен кездесуі әбден мүмкін. Трамптың кеңесшісі осы кездесуінде Ресейге қарсы санкцияларды алып тастау мәселелерін талқылауы мүмкін. Сондай-ақ АҚШ барлау қызметінің өкілдері Пейдж Ресейдің басқа да лауазымды шенеуніктерімен ақылдасты деген пікірде.
Естеріңізге салайық, АҚШ президенттігінен үміткер Дональд Трамп Ресейді қолдайтын пікірлері үшін Америка саясаткерлерінің сынына ұшыраған.
Әзірлеген Айғаным Біртуар