18 қыркүйек күні Алматы облысы Жамбыл ауданында айуандықпен өлтірілген үш азаматтың мәйітін туыстары Көксу ауданына алып кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Ұзынағаш базарына мал сатуға келіп жоғалған азаматтардың өлтірілгені сенбі күні белгілі болды. Жоғалған үш азаматтың үшеуін де қылмыскерлер атып өлтіріп, Жамбыл ауданының Қаншеңгел ауылы маңында құмға көміп кеткен.


Марқұмдардың мәйіттері ҚР Әділет министрлігі сот-медициналық сараптама орталығының Алматы филиалына сараптама жасау үшін сенбі күні әкелінген болатын.


Марқұмдардың жаназасы ертең Алматы облысының Көксу ауданында өтеді.
Ерлан Төлеубай