Израилдің көрнекті мемлекет қайраткері, ел тарихындағы тоғызыншы Президент Шимон Пересті ақтық сапарға шығарып салу үшін 70-тен астам мемлекеттің басшылары Иерусалимге келді,-деп хабарлайды Qamshy.kz.
Шимон Перес Израил тарихындағы көрнекті мемлекет қайраткері, 2007-2014 жылдар арасында ел Президенті болған.
Жерлеу рәсіміне Израильмен қарым қатынасы аса жақсы емес өлке ретінде белгілі Палестина автономиясының басшысы да қатысты. Атақты мемлекет қайраткері еврей ғұрпы бойынша ағаш табытпен жер қойнына тапсырылды.