iPhone 7 қорап ішінде жарылып кеткен

/uploads/thumbnail/20170709093701315_small.jpg

Гаджет бөлшектерге бөлініп кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды. Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, Reddit сайтына kroopthesnoop атымен тіркелген қолданушы жаңадан сатып алған iPhone 7 гаджетінің қалай жарылғанын суретке түсіріп салған.

Смартфонмен бірге оның қорабы да өртенген. Жарылыс  телефонды пайдаланбай тұрып болған. Қолданушы телефонды сатып алған соң үйіне әкелгенде гаджет өзінен өзі өртене бастаған. Ақпарат көзінің хабарлауынша жарылысқа  аккумулятордың зақымдалуы себеп болуы мүмкін.

Естеріңізге салайық, жаңа iPhone 7 және iPhone 7 Plus телефон үлгілері қыркүйек айында сатылымға шығып, аз уақытта рекордтық таралыммен сатылып кеткен.  

Қатысты Мақалалар