Бердібек Сапарбаевқа Ninety One тобының тыңдармандары өтініш айтты

/uploads/thumbnail/20170709093705924_small.jpg

Акция облыстық әкімдік ғимаратының алдында өткен. Кәріс жігіттеріне еліктейтін әншілердің 30-ға жуық тыңдарманы танымал бойз-бэндтің концерттерін қалада тоқтатпауды талап етті. Шамамен бір сағатқа созылған акция кезінде тәртіп бұзушылық орын алған жоқ,- деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Топтың тыңдармандары, сондай-ақ, Ақтөбе облысының әкіміне де арнайы үндеу жолдаған. Бұл бейнежазба Инстаграмдағы aktobe_zello парақшасында жарияланды.

Олар облыс басшысына топтың концерттерін қалада өткізбей қою үлкен әділетсіздік екенін айтқан. «Олар келеді деп арнайы сыйлықтар дайындадық, жоспар құрдық. Бірнеше күн қалғанда мыңдаған қыздың көз жасына қалғалы отырсыздар», - дейді мұңын шаққан бойжеткендер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде он шақты асаба аталған топтың концертін қалада өткізбеуді талап еткен еді.

Қатысты Мақалалар