Жартылай орта салмақта сынға түсіп жүрген боксшы нокауттан кейін көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170709093718065_small.jpg

Шотландиялық боксшы Майк Тоуэлл нокауттан кейін ауруханада көз жұмды,-  деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай орта салмақта сынға түсіп жүрген Майк Тоуэлл Дэйл Эванске қарсы жекпе-жекте алған жарақатынан ауруханада жан тапсырды. Қос боксшы 29 қыркүйек күні Глазгода Ұлыбритания чемпионы атағы үшін таласқан. Эванс 25 жастағы Тоуэллді бесінші раундта нокаутқа жіберді. Жарақат алған спортшыны дәрігерлер бірден ауруханаға жеткізді. Ақхалаттылар боксшыны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, алайда өлімнен арашалап қала алмады.

Қатысты Мақалалар