2000, 5000 және 10000 теңгеліктер айырбас үшін 2020 жылдың 3 қазанына дейін қабылданады.
Қазақстанда 2016 жылдың 3 қазанынан бастап ескі үлгідегі банкноттар төлем үшін заңсыз болып табылып, банк опрацияларын жүзеге асыруда қолданыстан шығады,- деп хабарлайды Qamshy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«ҚР Ұлттық банкінің 2000,5000 және 10000 теңгелік 2006 жылғы үлгісіндегі номинал банкноттар айырбас үшін 2020 жылдың 3 қазанынан бастап қабылданады және комиссия мен айырбас төлеміне ақы алынбайды, бәрі тегін»,- деп хабарлайды Ұлттық банк.
Кейіннен 12 ай ішінде – 2016 жылдың 4 қазанынан бастап 2017 жылдың 3 қазанына дейін бұл купюраларды екінші деңгейлі кез-келген банкке өткізуге болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сай, банкнотты қабылдаудан бас тартқандарға айыппұл салынады, көлемі 5 МРП, орташа деңгейлі кәсіпкерлік мекемесіне – 10 МРП көлемінде. Банктер мен ұйымдар, айырбас орталықтары бас тартса айыппұл 50 МРП.

Банкноттарға қатысты бас тартулар мен басқа да фактілер мәселесі бойынша тұтынушылар құқы мен қаржылай қызмет, ішкі коммуникация Басқармасына хабарласуға мына телефондар арқылы хабарласуға болады:+7 (727)2788 058, 2619 – 234, 2704 – 585.
Қолма-қол ақшамен жұмыс Басқармасы +7 (727)259 68 14.