Ауыл шаруашылығының даму моделі ерекше

/uploads/thumbnail/20170709105920580_small.jpg

 

Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Бейбiт Атамқұлов алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс төртiншi сессиясында депутаттардың алдында есеп бердi. Халық қалаулылары облыс әкiмiнiң жұмысына оң баға беретiндерiн жеткiздi. Әсіресе, агроөндірістің дамуына жақсы баға берді.

 

Зуппархан ЧАЛДАНОВ, облыстық мәслихаттың депутаты:

– Бүгiнде әлемде инвестиция үшiн тартыс жүрiп жатқаны аян. Кiм инвесторға қолайлы жағдай жасап, өз экономикасына қомақты капитал әкеле алса, дағдарыстан сол ғана табысты шығады. Сол себептен облыс әкiмi Бейбiт Атамқұловтың бұл мәселеде iшкi ресурстарға ғана сүйенбей, сырттан инвестиция тартуға барынша күш салуы құптарлық қадам. Осы мақсатта соңғы бiр жылдың iшiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының iскер азаматтарымен бiрге Еуропа мен Азияның бiрқатар елдерiне және Ресейге арнайы сапарлар ұйымдастырылыпты. Нәтижесiнде облыста шетел инвесторларының қатысуымен жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан асатын 24 жоба iске асырылып жатыр. Осының барлығы Бейбiт Бәкiрұлының облысты дамытуға сiңiрген қажырлы еңбегiнiң өлшемi деп бiлемiн.

Сондай-ақ, өңiр басшысы Түркiстан қаласына ерекше назар аударып, оның iрi туристiк орталыққа айналуына ықпал етуде. Бұған түркiстандықтардың дән риза екенiн де жеткiзгiм келедi. Ал ауыл шаруашылығының даму моделін ерекше айтар едім. Қарқынды жетістіктер байқалады.

Айдар ҚҰЛЖАНОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

http://okg.kz/

Қатысты Мақалалар