Агроөндіріске серпін жасалды

/uploads/thumbnail/20170709105911925_small.jpg

 

 

Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Бейбiт Атамқұлов алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс төртiншi сессиясында депутаттардың алдында есеп бердi. Сессия жұмысына облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, облыс әкiмдiгiнiң мүшелерi, облыстық басқармалар басшылары, аудан, қала әкiмдерi мен барлық деңгейдегi мәслихаттардың хатшылары және БАҚ өкiлдерi қатысты.Халық қалаулылары облыс әкiмiнiң жұмысына оң баға беретiндерiн жеткiздi. Әсіресе, агроөндірістің дамуына жақсы баға берді.

 

Серiкжан СЕЙТЖАНОВ, облыстық мәслихаттың депутаты:

– Елбасының сарабдал саясатының арқасында елiмiздiң дағдарысқа қарамай өркендеп, дамып келе жатқанына халық куә. Мәслихат сессиясында облыс әкiмi Бейбiт Атамқұловтың оған жүктелген функциялар мен мiндеттерiнiң орындалуы жөнiндегi есебiн тыңдап, бiздiң облысымыз да әлеуметтiк-экономикалық тұрғыда ойдағыдай дамып келе жатқанына көз жеткiздiк.

Мәселен, облыста өнеркәсiп саласында өндiрiлген өнiм көлемi 5,3 пайызға артыпты. Ал, ауыл шаруашылығы саласындағы өнiм көлемi 2 пайызға көбейген. Барлық жерде сұраныс та, өндiрiс көлемi де қысқарып жатқан кезде өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы саласы көрсеткiштерiнiң жақсаруы облысымыздың өркендеп келе жатқанының айғағы болса керек. Бiр жағынан бұл облыс әкiмiнiң iскерлiгi мен табандылығының арқасы екенiн де атап өткен жөн.

 

Сәду БЕКЕНОВ, облыстық мәслихаттың депутаты:

– Облыс әкiмi Бейбiт Атамқұлов қызметке тағайындалғалы берi өңiрiмiздiң аграрлы екенiн ескере отырып, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударып келедi. Бұл өте орынды деп есептеймiн. Бейбiт Бәкiрұлының тiкелей қолдауының арқасында мақта шаруашылығы қайта өркендеп, қанатын кеңге жая бастады.

Биыл аталған саланы қолдауға жалпы 29 млрд. теңге бағытталыпты. Мұның өзi мемлекеттiң шаруа қауымға қаншалықты ауқымды қолдау көрсетiп жатқанын көрсететiндей. Қала бердi, егiс көлемiн ұлғайту, иесiз жерлердi игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суару әдiсiн кеңiнен енгiзу, жылыжай және қарқынды баудың алқабын кеңейту, мал тұқымын асылдандыру бойынша жұмыстарды да жоғары бағалауға болады. Осының барлығын ескере отырып, облыс әкiмiнiң жұмысына оң баға беруге әбден негiз бар.

Айдар ҚҰЛЖАНОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

http://okg.kz/

Қатысты Мақалалар