Соңғы 25 жылда Президент басшысы лауазымы үшін өткен сайлауда халықтың ең көп даусын жинаған 10 елдің Президенті туралы не білеміз? "АиФ" басылымы бәсекелестерін басып озып, халықтың басым бөлігінің қолдауына ие болған ел басшыларының тізімін жасапты. Енді соған тоқталайық.
Саддам Хусейн. 1995 жылдың 15 қазаны күні Иракта өткен референдумда халықтың 99,96% Саддама Хусейге дауыс берген.
Александр Лукашенко. 1994 жылдың 10 маусымында Президент сайлауының екінші турында ол 80,1 % дауыс жинаған. 2006 жылдың 19 наурызында Президент сайлауында үшінші рет жеңді (83 %).
Михаила Саакашвили. 2004 жылдың 4 қаңтарында Грузия халқының 96,27 % оны қолдап дауыс берді.
Нұрсұлтан Назарбаев. Ел тарихында өткен сайлауларда ол үнемі 80 пайыздан артық дауыс жинаумен келеді. Нұрсұлтан Назарбаев ең көп дауысты 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен сайлауда жинаған (98,7 %). Бұл сайлаудың бюллетенінде одан басқа үміткердің аты болмаған.
Эмомали Рахмон. 1999 жылы 6 қарашада Тәжікстан халқының 96,9 % дауыс берген.
Сапармурат Ниязов. 1990 жылы 27 қазанда 98,3 % дауыспен Президент атанған.
Гурбангулы Бердымухамедов. Түркменстанның екінші Президенті. 2012 жылдың 12 ақпанында 97,14 % дауыс жинаған.
Ислам Каримов. Биыл бақилық болған Өзбекстан Президенті, 1991 жылдан бері 90% пайыздан кем дауыс жинамаған.
Левон Тер-Петросян. 1991 жылы 17 қазанда армян халқының 83,4 пайыз қолдауымен Президент атанған.
Аяз Муталибов. Әзірбайжанда 1991 жылдың 8 қыркүйегінде өткен сайлауда оған 98,5 % халық дауыс берген.
Әзірлеген: Дана Қамшыбек
Пікір қалдыру