Ақтөбеде ер адам «Әйеліңді зорлаймын» деп әзілдеген досын өлтірген

/uploads/thumbnail/20170709120309015_small.jpg

32 жастағы жігіт бұған дейін қару қолданып, бұзақылық жасағаны үшін істі болған. Түрмеде 4 жыл отырып шыққан ол бұл жолы адам өлтіргені үшін айыпталуда. Бұл туралы Qamshy.kz Керек.Info-ға сілтеме жасап мәлімдейді.

Қылмыс 11 тамыз күні жасалған. Сол күні сотталушы төрт адам болып таң атқанша ішімдік ішеді. Олардың арасында сотталушының азаматтық некедегі жұбайы мен тағы бір әйел адам болады. Алайда соңғысы үйден ертерек кетіп қалады. Ал қалғандары көңілді отырысты онан әрі жалғастырады. Ішімдікке сылқия тойып алған сотталушы қалғып, ұйықтай бастайды. Ал оның әйелі мен танысы ішімдік ішіп отырады. Бір кезде танысы ұйықтап жатқан ер адамға қарап: “Әйеліңді менің қасыма қалдырып, неге ұйықтап жатырсың? Есім кетсе, оны зорлап тастауым мүмкін” деп әзілдейді. Тіпті ол ұйықтап жатқанда әйелімен үш рет жыныстық қатынас жасағанын да айтып салады. Әйел одан бұлай әзілдемеуін талап етеді. Танысының сөзін елемеген ер адам орнынан тұрып, тағы да ішімдік ішеді. Ер адам әзілдеуін бұдан кейін де тоқтатпайды. Сотталушыға әйелін қараусыз қалдырмауын, әйтпесе зорлық жасауы мүмкін екендігін тағы да ескерткен. Бұл жолы ер адам танысымен дауласа кетеді. Ақыры әйелінің сыртқа темекі шегуге кеткен сәтін пайдаланып, марқұмның жүрек тұсына пышақ сұғып алады. Марқұм сол жерде қайтыс болған. Қарғалы ауданы, Бадамша ауылының тұрғыны қазір сотта жауап беруде. Қылмысы дәлелденсе, ол 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар