31 арна көрермендерін отбасына арналған жаңа ойын-сауық бағдарламаларымен қуантуды жалғастырады. Жуырда арнамыздан «Это Казахстан, детка!» деп аталатын жаңа жобаны тамашалай аласыздар.
Бұл бағдарлама арқылы өзіңіздің ой-өрісіңіз бен зеректігіңізді тексеріп қана қоймайсыз, сондай-ақ, жақындарыңызбен бірге экран алдындағы уақытыңызды көңілді өткізесіз. Бір жағынан, танымал жұлдыздарымыздың қаншалықты патриот және зерек екенін тексересіз. Телевикторина Қазақстандағы жаңа форматтағы шоу әрі оның елімізде баламасы жоқ.
Шоуға екі команда қатысады. Әр топ Қазақстанға танымал үш адамнан тұрады. Жұлдызды топтың арт жағында әрі ойынға қатысатын, әрі шоуды тамашалауға келген студия қонақтары отырады және олар команданың сұрақтарға жауап беруіне көмектеседі. Телевикторинаның көрермендері қатысушылармен бірге Қазақстанның ең әйгілі тұлғаларын, ең әдемі жерлерін және ең басты жетістіктерін еске түсіруі керек. Онда да әдемі әдістер табу арқылы. Барлығына бір минут уақыт беріледі. Дөп тапқанға 1 ұпай.
Жүргізуші жұлдыздарды Қазақстан жайында әртүрлі тақырыптағы сұрақтармен сынайды. Олардың ішінде әйгілі әндер де, еліміз жайындағы қызықты мәліметтер де бар, тіпті қазақ тілін меңгеру деңгейі мен ұлттық тағамдардың құрамын қаншалықты білетіні де тексеріледі.
Бағдарлама жалықтырмайды. Жұлдыздар миларын қозғап, күтпеген сұрақтарға шапшаң жауап беріп, ән салып... тіпті тамақ жеп те үлгеруі керек.
Ара-тұра студияда күтпеген жайттар да орын алады. 31 арна қызу бәйгенің қызығын көрсетуге уәде береді!
Жұма күнi, 21 қазан күні сағат 14.00-те 31 арнада!