Біздің кейбір азаматтарымыз өздерін "ұлтшылмын" деп атап жүр. Бірақ сол "ұлтышлдар" Қазақ ұлтшылдығының негізін қалаған Алаш Арыстарына күйе жағу мақсатында жаряиланған пікірді ашық қолдайды. Әлеуметтік желіде Нурлан Туреханов деген кісі жариялаған "Мыржакып Дулатов, улица его имени пересекает Сейфуллина ниже Рыскулова, поймал и расстрелял Амангальды Иманова, который лежит слева от Сейфуллина, ближе к Байтурсынову..." деп басталатын постта Алаш арыстарына ашықтан-ашық күйе жағылған. Осы пікірді қолдап-қуаттаушыларға Тарихшы, Қайдар Алдажұмановтың сұхбатынан Амангелді батыр өліміне қатысты үзіндісін ұсынамыз:
***
"1928 жылы Сталин бастаған Совет өкіметі бүкіл байларды кәмпескелеу, елді ұжымдастыру науқанын бастайды. Міне, осы науқанға қарсы қарсы шығады-ау деген көзі ашық адамдарды алдын ала тұтқындап, түрмеге жауып тастайды. Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мырзағазы Есполов бастаған Алаш қайраткерлерін ұстап, түрмеге жабады. Сонда оларға тағылған басты айптың бірі Амангелдінің өлімі болатын.
Алашордаға қатысты 12 томдық тергеу істерінің беттерінде Міржақып Дулатовтың өз қолымен орыс тілінде жазып берген түсініктемесі бар. "Мен Амангелді Имановтың өліміне кінәлімін. Бірақ тікелей оны өлтірген мен емес. Мен жауапкершілігімді сезінемін. Өйткені, күдікпен Амангелдіні түрмеге жауып қойдық. "Қостанай жақтан қызылдардың өтряды келе жатыр" деген хабарды естіген соң мен отрядтың бір бөлігін алып, Торғайдан 30 шақырымдай жерде солардың алдынан шықтым...",-деп жазады ол. Қысқасы, Амангелді өлтірілген кезде Міржақыптар қалада болмаған.
Амангелдіні нақты кімнің өлтіргені белгілі. Ол анықталған. Аспандияр Кенжин деген азамат кезінде Алашорданың мүшесі болған. Торғайда "Алаш" отрядының шаруашылық жағын басқарған. Кейінірек Совет өкіметі тұсында Ішкі сауда халық коммисары, Оқу-ағарту халық коммисары болып қызмет істеген. 1938 жылы атылып кеткен. Сол Аспандияр Кенжинге қатысты мұрағатта біршама құжаттар бар. Соның біреуі машинкаға басылған, елу беттен асады. Кезінде партиялық тазалаудан өткен Аспандияр Кенжин Бүркітәлі Сейсекенов деген адамның түрмеден сүйреп шығарылған Амангелдіге пышақ салып өлтіріп, сосын мойнына қыл шылбыр салып, ат құйрығына байлап жібергенін жазады.
Пікір қалдыру