Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі мемлекет басшысының Сауд Арабиясына барған алғашқы сапары мен қасиетті мұсылман Қағбасына барғаны туралы видео жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл видео Ақорданың фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.
«Елбасының жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына баруына байланысты сіздердің назарларыңызға 2012 жылы түсірілген «Галстуксыз үлкен саясат» деректі фильмінен үзінді ұсынамыз», - деп жазылған.
Бұл бейнероликте Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылы Эр-Риядқа алғаш рет баруы, соның ішінде Қағбаға аяқ басуы туралы айтылған.
Пікір қалдыру