Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамыр да туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында, мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.
шығармалары:
- Көкше қүрақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1979;
- Қос қанат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982;
- Зейін. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1984;
- Аспан даусы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1985;
- Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэма-портреттер. А., «Жалын», 1988;
- Жұлдызға орнын ай бермес. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Сөзстан», 1996;
- Емендер түнде бүрлейді. А., «Ана тілі», 2001;
- Бәрінің асығы. А., «Жазушы», 2005;
- Бұрылыс. А., «Сөздік-словарь», 2007.
- Құбылыс. А., «Атамұра», 2009.
- Жұлдызтас. А., «Атамұра», 2011.
Пікір қалдыру